jasqazaq.kz

Сафар Шәкеевті еске алу кешінде жиналған қаражат ауру қыздың еміне жұмсалмақ

08 қыркүйек 2016, 20:14

3d4dfabcdc0a3213bc57a03bc8bf0f61-big

Сафар Шәкеевті еске алу кешінде жиналған ақша ауыр дертке шалдыққан қыздың еміне жұмсалмақ.  Бұл туралы Сафардың кіші қарындасы Меруерт Шәкеева Инстаграмдағы парақшасында жазды.

“Сафарды еске алу кешінде жиналған ақша бір жастағы Халида Азаматқызының еміне жұмсалатын болды. Барлық тілектес болған жандарға алғыс айтамы!”, – деп жазды Меруерт.

Cәби туралы ақпарат Detdom.kz сайтында жарияланған еді. Сайттағы мәліметке қарасақ, қыз егіздің сыңары екен. Оның көру жүйесі жетілмеген. Оған Санкт-Петербургте бір операция жасалған екен. Енді келесі кезеңнің де уақыты келіпті. Емнің құны 1000 доллар. Халидаға керекті сома Сафар Шәкеевті еске алу кешінде толықтай жиналды.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде