jasqazaq.kz

Сәдібек Түгел: Салық реформасы барлық жағынан тиімді болуы керек

10 ақпан 2025, 17:06

Елімізде салықты айналып өтетін олигархтар әлі де бар. Бұл — ең үлкен қылмыстың бірі. Қайткенде олар салықты төлемеудің жолын іздейді, әртүрлі банкроттық жасайды. Сол үшін салық реформасы, салық мәдениеті қажет-ақ. Қазір осыған қатысты Үкіметте бастама көтеріліп жатыр.
Кез келген мемлекеттің экономикасы салықтан құралады. Мысалы, Америкада салықтан жалтарушы сол елдің жауы боп саналады. Олардың заңында салықтан төлеуден жалтарғандар «қара тізімге» ілінеді. Біздің елімізде де бұл қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Сондықтан  әзірленіп жатқан салық реформасы өте оң шешім. Тек мұның бәрі халыққа тиімді болғанын ескеру керек. Президенттің осы жолғы бизнес өкілдерімен кездесуінде осы жайды аңғардық. ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесі екі жаққа да тиімді болуға тиіс екені айтылды.
Салық реформасы аясында экономикалық ашықтық пен әділдікке бағытталған жаңа ережелер енгізілмек. Қазір салықты есептеу жүйесі жетілдіріліп, кәсіпкерлер мен азаматтар үшін ыңғайлы әрі әділ жағдай қарастырылып отыр. Мемлекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін салық саястын ашық жүргізіп, заңды кәсіпкерлікті қолдауға басымдық беруді көздейді. Бұл реформалар ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізіп, инвестициялық тартымдылықты арттырады.

Әр азамат пен компанияның адал салық төлеуі – еліміздің өркендеуі мен әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болары сөзсіз. Тағы да қайталап айтамын, бюджет пен экономиканың негізі – салық. Сондықтан бұған дұрыс көзқарас қалыптастырғанымыз жөн.
Сәдібек ТҮГЕЛ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қосшы қаласының қоғамдық кеңес мүшесі

Сурет: baq.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі