jasqazaq.kz

Сабина Мовлаева: Екінші рет отбасын құрып, бақытты әйел болғым келеді (Видео)

11 қараша 2024, 11:15

Танымал блогер, актриса Сабина Мовлаева атышулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Желі жұлдызын көпшілік порнофильмге қатысы бар деп айыптаған еді. Ол “TalkLike” бағдарламасына сұхбат беріп, шындықты айтты, деп жазды Stan.kz.

“Барлық шу “Taboo” подкастына барғаннан кейін басталды. Сол сұхбаттан кейін екі күннен соң таңғы 6-да бейтаныс адамнан видео келді. “Мына қыз маған ұқсайды екен” деп мән бермедім. Одан кейін бір қыз жіберді. Оны да танымаймын. Сосын таныстар жібере бастады. “Сен туралы жаман видео таралып жатыр” деп ескертті. Сол кезде-ақ мұнымен күресу керегін түсіндім. Әлі де жіберетіндер бар. Жеке парақшамда 500-ше жуық ашылмаған хат жатыр. Бәрі порновидеоны жіберген. TiKTok-та 82 миллион қаралым жинапты. Наурызбай ауданының полиция бөлімшесіне арыз жаздым. Көшеде көлікте отырсам, “сағатың қанша?!” деп сұрайды. Жеке өміріме де теріс әсер етуі мүмкін. Ажырассам да, екінші рет отбасын құрып, бақытты әйел болғым келеді. Болашақ күйеуім осы жағдайды қалай қабылдайды. Еркектер бір-бірінің айтқан сөзімен жүреді емес пе?! Біреуі болашақ жарыма мен туралы жағымсыз пікір айтуы мүмкін. Осы дүниелерден қорқамын. Сол үшін істі аяғына дейін жеткіземін. Видеодағы қыздың мен емес екенін дәлелдеймін”, – деді желі жұлдызы.

JQ-Aqparat

Сурет: Видеодан кадр
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі