jasqazaq.kz

Саңыраулар Сапарбаевқа жанайқайын жеткізді (видео)

16 қантар 2017, 21:38

Ақтөбе облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Бұл туралы саңыраулар қоғамының өкілдері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа скайппен байланысқа шыққанда жеткізді.

tilshi.kz хабарлағандай, «ең болмағанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы орын белгілеп, сөйлей алмайтын, естімейтін адамдарға қызмет көрсетілсе екен», — дейді қалалық саңыраулар қоғамының өкілдері.

Бердібек Сапарбаев мылқауларға қызмет көрсететін маманмен скайп арқылы байланысқа шығып, мән-жайды анықтады.

«Расымен де, мемлекеттік тапсырыс аясында оларға халыққа қызмет көрсету орындарында арнайы орындар ашып, қызмет көрсету керек қой. Әйтпесе, олар өз ойларын, алаңдатқан мәселелерді қалай жеткізеді?», — деді облыс басшысы.

Айта кетейік, бүгінде саңыраулар қоғамы аясында скайп арқылы маман қызмет көрсетеді. Оған күніне орта есеппен 7-10 адам әртүрлі сұрақтармен жолығады. Көбіне, пойыздар кестесі, билет бағасы, коммуналдық қызмет көрсету, т.б. секілді сауалдар қойылады.

Қалалық саңыраулар қоғамында бүгінгі таңда 65 адам есепте тұр. Олар негізінен тігінханада арнайы киімдер тігеді. 2016 жылы қалалық саңыраулар қоғамының жанындағы оқыту-өндірістік комбинаты 130 миллион теңгенін өнімін шығарған.

https://www.youtube.com/watch?v=Iawncw31J8c&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде