jasqazaq.kz

Е.Сағадиев: Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет

20 ақпан 2017, 15:00

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің жалақыны көтеру талабына оқу жүктемесін азайту жобасын ұсынды.

«Мұғалімнің орташа жалақысы — 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады. Бес күндік оқу аптасына өткеннен кейін, бастауыш сыныптардың оқу жүктемесі 13 сағатқа дейін қысқарды, бұл олардың жалақысына әсер етті», — деді Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлнар Иксанова.

Министрліктің бұл мәселені қалай шешетіні жайлы сұраққа министр мұғалімдердің жүктемесін азайтуды ұсынды.

«Бірінші кезекте бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін, негізгі және жоғары сыныптарда оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа қысқартуды ойластырып отырмыз. Бұл мәселені директорлармен ақылдастық, олар мұны маңызды болар еді деп есептейді. Бұған жылына 88 миллиард теңге қажет. Бұл соманы Қаржы министрлігіне бердік, 2018 жылға Қаржы министрлігі қарастырады, бюджет шектеуі бар екенін білесіздер. Бір апта бұрын бюджетті қабылдадық, дауыс бердік, сондықтан елде қанша қаражаттың бар екенін және оның қайда жұмсалатынын білеміз», — деді Сағадиев.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттарының үкімет сағаты барысында мектеп директорларының төмен әрі әділетсіз жалақысы жайлы сөз қозғалды. Депутат Иксанованың айтуынша, 300 орындық және 3 000 орындық мектеп директорлары бірдей жалақы алады.

«Лауазымдық қызметақыны есептеу базасын өзгертсек, бұл мәселені шешуге болады. Білім беру жүйесіндегі барлық қаржы есептерімен айналысатын орталықтандырылған бухгалтерияны ашатын уақыт келді. Бұл бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін арттырар еді», — деді Гүлнар Иксанова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде