jasqazaq.kz

Сөзден сүрінген министр отставкаға кетті

26 сәуiр 2017, 10:48

Жапонияда қайта қалпына келтіру істері жөніндегі министр Масахиро Имамура сөзден сүрінгені үшін отставкаға кету туралы өтініш білдірді.

Сейсенбіде банкетте сөз сөйлеген министр 2011 жылы цунамиден зардап шеккендерге қатысты екіұшты пікір білдірген. Ол 2011 жылы болған апат салдарының сомасы 25 триллион иен (шамамен 227 миллиард доллар) екенін айтып, былай деп қостады: «мұның Тохокуда болғаны жақсы (Хонсю аралының солтүстігіндегі аудан, осы аудан ең қатты зардап шеккен болатын — Авт.), себебі астанаға жақын маңда болса, шығын көлемі бұдан да көп болар еді». Қоғамда бұл сөздер 20 мыңға жуық адам қаза тапқан перфектураларға құрметсіздік ретінде бағаланды. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Имамураның осы сөзі үшін кешірім сұрады. Шенеуніктің дау туғызған сөздері мұнымен бітпейді екен. Имамура үш апта бұрын «Фукусима-1» АЭС-інде болған апаттан Фукусима перфектурасының тұрғындарының өз үйіне қайтуды «жеке бастарының ісі» деп мәлімдеп, басы дауға қалған екен. Оның үстіне баспасөз мәслихаты аяқталған кезде ол осы сұрақты қойған журналиске «бұл жерге ешқашан келмеуді» және «ауызды жабуды» бұйырған. Сол уақытта премьер-министр Абэ министрді қорғап қалған еді. Ал ендігі дау-дамайдан кейін Масахиро Имамураның отставкағасы қабылданыпты.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде