
Сақылдаған сары аяз солтүстікқазақстандықтарды сарсаңға салды. Петропавл қаласында суықтан 10 көпқабатты тұрғын үйде газ қатып қалған. Мамандардың айтуынша, бұл – жыл сайын қайталанатын жағдай. Өйткені, көгілдір отынның мұнда жазғы түрі қолданылады.
Ал қысқысы қымбат. Cоңғы күндері қызмет көрсету тобында дамыл жоқ. Өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, реттегіш қондырғылардағы газ қатып жатыр. Соның салдарынан тұрғындар тамақ пісіре алмай әуреге түскен.
Олег Любавин, «Горгаз сервис» ЖШС директорының орынбасары:
— Қазақстанда қысқы газды «Теңізшевройл» зауыты ғана шығарады. Кәсіпорын Ұлттық экономика министрлігінің реттеуіне кірмейді. Олардың сұйық отыны өте қымбат. Бізге оны сатып алу үшін тарифті 800%-ға көтеру керек.https://www.youtube.com/watch?v=VAK3FoG7n6Y