jasqazaq.kz

Сәкен Жасұзақов: Әскерге шақырылатын жастардың көзі нашар көреді

28 ақпан 2017, 12:33

Қорғаныс министрі Ерлан Сағадиевке өз шағымын жеткізді.

Бүгін үкімет отырысында Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке өз шағымын жеткізді. Оның айтуынша, әскер қатарына шақырылған жастардың көпшілігінің көзі нашар көреді, сондықтан мектептегі интерактивті тақталардың сапасын жақсартудың амалдарын ойластырған жөн.

«Менің интерактивті тақталарға қатысты сұрағым бар. Бұл жақсы жүйе, бірақ әскер қатарына шақырылған жастардың басым бөлігінің көздері нашар көреді. Интерактивті тақталардың сапасын жақсартуға бола ма? Тақтаның балалардың көзіне зияны болмауы керек», — деді Жасұзақов.

Ерлан Сағадиев атап өткендей, бұл мәселеге министрлік көңіл бөліп отыр.

sputniknews.kz хабарлағандай, «E-leаrning» жобасы аясында интерактивті тақталар салып алынған болатын. Олар өте қымбат. Тәжірибе барысында оның тиімсіз екені де анықталды. Біз осы жылы 11 мың бейне үштік құралын сатып аламыз. Бұл – проектор, экран және компьютер. Компьютерді біз сервер ретінде пайдаланамыз. Ал проектор мен экран интерактивті алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл – балалар үшін қауіпсіз. Сондай-ақ интерактивті тақталардан әлдеқайда арзан», — деп жауап берді министр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде