
Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов отандық бағдарламалардың басым бөлігіне қатысып шыққан. Бұл туралы оның әріптестері мен тыңдармандары жиі айтады. Еспановтың өзі де оны жоққа шығармайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұған дейін бір сұхбатында Еспанов шақырған жерден қалмайтынын, көбінесе журналистердің көңілін қимағандықтан келісе беретінін айтқан еді.
Бүгін – Нұрлан Еспановтың туған күні. Бұл ретте Сәкен Майғазиев тамаша мүмкіндікті қалт жіберместен әріптесін құттықтады. Еспановқа деген ақ тілегін әжуамен жеткізген Майғазиев желідегілерді күлкіге қарық қылды.
“- Нұреке, осы сіз қатыспаған бағдарлама қалды ма?
– Қалды ғой, е…
-Қандай?
– СТВ арнасында шырақ жағып қойып, бал ашып отыратын екі әйелдің бағдарламасы.
Нұреке, Алла берген күш қуатын жақсылыққа жұмсап, жарқырап, жүгіріп жүре беріңіз”, – деп әзілдеді Майғазиев.