jasqazaq.kz

Сүйіктісін өлтіріп, оның атынан анасына 20 жыл бойы хат жазған

09 наурыз 2017, 10:16

Ресейлік әйел танысының өлімін 20 жыл бойы жасырып келген. Ол осы уақыт бойы қаза тапқан ер адамның атынан оның анасына хат жазып жүрген. 1996 жылдың қазан айында Забайкальск өлкесінің тұрғыны көршісімен жанжалдасып, оны басынан балғамен бірнеше рет ұрған.

tengrinews.kz хабарлағандай, салдарынан көршісі алған жарақаттарынан көз жұмған. Содан әйел оның денесін үйдің маңына көміп тастап, ешқандай күдік келтірмеу үшін қаза тапқан ер адамның атынан анасына хат жаза бастаған. Ол өз атынан ер адамның жағдайының жақсы екенін жазып отырған. Осылайша қылмыскер тек 2016 жылы әшкереленген. Ол қасақана кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, қылмыстың жасалғанына 15 жыл өткендіктен іс осымен жабылған. Соттың қорытындысы бойынша, қылмыскер қаза тапқан жігіттің анасына хат жібере отырып, оған болашақта ұлын күтуге негізсіз үміт берген. Сондықтан сот марқұмның анасының азаматтық талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Сот хат жазып келген қыздан моральдық шығын ретінде 1 миллион рубль өндіріп алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде