jasqazaq.kz

Сәбиін аяусыз ұрған әйел табылды

17 қараша 2016, 19:12

photo_31623

Алматы облысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылды.

Tengrinews.kz хабарлағандай «Өзбекстан Республикасының ІІМ өкілдерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылып, одан жауап алынды. Ол кінәсін толықтай мойындады», — деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Ал қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ұсталған әйелді шекарадан зансыз өтіп, ҚР көші-қоң заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, ІІМ өкілі қазіргі уақытта әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық іс материалдарын Өзбекстан Республикасына жіберуге қатысты мемлекеттік тапсырыстың дайындалып жатқанын айтты.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бір әйелдің өз сәбиін аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны талқылаған болатын. Видеоны Instagram желісіне жүктеген авторлардың айтуынша, бұл видео бірнеше ай бұрын түсірілген. Олардың айтуынша, сәбиді ұрып-соғып жатқан әйел Қарақалпақстанның тумасы және Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарының маңында тұрған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде