jasqazaq.kz

Сәбидің дауысын салып жұртты таң қалдырды (видео)

28 ақпан 2017, 17:00

You Toube желісінде пайда болған жігіттің өнері көпшілікті таңғалдыруда. Өзін талдықорғандық ретінде таныстырған ол бірнеше дауысты салады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, 24 ақпан күні аталған желіде жарияланған бейнежазбаны тамашалаушылар саны күн санап өсуде. Қазірдің өзінде 22 мыңға жуық адам көрген. Пікір қалдырып жатқандардың басым бөлігі оның өнеріне тәнті болып, тума талант деп, жоғары баға беруде. Әсіресе баланың жылаған дауысын айнытпай салған өнері көпшілікке ұнаған. Ал пікір жазып жатқандардың кейбірі жігіттің ішіне жын кіріп кеткен деген ойда. Өзін 1992 жылғымын деген жігіттің бейнежазбадағы сөзіне қарағанда, ол «Айналайын» балалар үйінде тәрбиеленген көрінеді. Қаладағы №16 мектепте білім алып, 9-шы сыныптан кейін оқуын колледжде жалғастырған. Заңгер мамандығы бойынша білім алдым деген жігіт қазір жұмыс іздестіріп жүргенге ұқсайды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=fstupPPuju4#t=50

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде