jasqazaq.kz

Сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты іс қозғалды

16 қараша 2016, 15:55

photo_31578

Құқық қорғау органдары видеода сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін, бұл видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Видеодағы кадрлардан әйелдің диванда отырып, сәбиді ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Онымен қоса, әйел оған «аузыңды жап» деп айғай салып, сәбидің бетінен ұруын қоймайды. Болжам бойынша, сәби 1-ге де толмаған.

Осы іс бойынша, 11 қарашада Алматы облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (» Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы») бойынша бастап кеткен», — деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде