jasqazaq.kz

Сәби жантүршігерлік жағдайда қаза болды

20 ақпан 2017, 10:04

Қарағандыда жантүршігерлік жағдай болды. Жалдамалы пәтерлердің бірінде екі жасар мүгедек қыз ыстық су толы ваннаға күйіп қалған. Емханада тіл тартпай кеткен сәбидің өліміне қатысты түрлі болжамдар жасалуда. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Бүлдіршін сал ауруына шалдыққан. Ал оның 43 жастағы анасы есту қабілетінен айырылған. Қарқаралы ауданының тумасы екі ай бұрын қалаға көшіп келіпті.

9 ақпан күні кешкісін ыстық суға тірідей пісіп қалған қыз бала емханаға жеткізіледі. Бүлдіршіннің жақындары оны анасы абайсызда ыстық су толы ваннаға құлатып алғанын алға тартқан. Қатты күйіп қалған сәбиді дәрігерлер құтқара алмады.

«Абайсызда адам өлтіріп алу» бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Қарағандының Октябрьский ауданындық прокуратурасы анасының күдікті деп танылғанын мәлімдеді. Әйел қызын шомылдыру үшін ваннаға жатқызып, ыстық суды қосқан күйі шығып кеткен, сол арада баласы айқайлағанымен, анасы түк естімегендіктен көмекке асықпаған деген де болжам жасалуда.

Ваннадан әбден күйіп қалған бүлдіршінді тәтесі алып шыққан. Өкінішке қарай, қыз бала азаппен көз жұмды. Нәрестесінен айырылған әйел қызын жалғыз бағып жүрген.

«Бүлдіршін науқас болатын. Оның өздігіне жүргенін бір рет көрген емеспін. Қашан да анасы көтеріп жүретін», — дейді тұрғындардың бірі.

Әйел бүгінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде