
«Қазақтай ел қайда» әнін музыкалық аспаптың көмегінсіз, таза дауысымен орындаған құрылысшы жігіт Желі пайдаланушыларының ықыласына бөленді.
«Бабадан қалған байтағым, садағаң кетейін», деп әндеткен жігіттің аты-жөні кім екені әзірше белгісіз. Ал видео Youtube видеохостингіне кеше жүктелген екен. Ал Желі қолданушыларының басым бөлігі видеодағы жігіттің дарынды екенін, сондықтан сахнадан көргісі келетінін айтып жатыр.