jasqazaq.kz

Руслан Гацаев: Қазақ тілін білуге міндетті

19 қыркүйек 2016, 14:26

Ақтөбе ферроқорыпта зауытындағы өзге ұлт өкілдері үшін арнайы тіл үйрету курсы ашылды. Мұнда қазір 80 жұмысшы қазақ тілін меңгеріп жүр. Ал шешен ұлтының жігіті Руслан Гацаев бала кезден қазақ тілін үйреніп, кейін жұмыс орнында білімін толықтырды. Арнайы курста үздік атанған жұмысшы бірнеше қалалық, облыстық жарыстарда топ жарып, көпке үлгі болып жүр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуді өз міндетіне алған Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бұл істі 10 жыл бұрын бастады. Нәтижесінде ондаған жұмысшы қазақ тілін меңгеріп, қазір іс жүргізуге үлес қосып жүр.

«Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі 2006 жылдан бастап жоғары деңгейде атқарылып келеді. Осы уақыт аралығында көптеген тыңдаушылар арнайы курсты ойдағыдай аяқтап, сертификатқа ие болды. Тіпті, арасында курсты үздік бітіргендер де бар. Ал Андрей Дронов, Ирина Журба, Альбина Альмухамедова, Руслан Гацаев, Лев Карпов сынды тыңдаушыларымыз мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп, облыстық, қалалық байқауларда зауыттың намысын қорғап, жүлделі орындардан көріне білді»,- дейді зауыттағы іс-жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы Алима Алипова.

Қазақ тілін жетік меңгерген жұмысшылардың бірі – Руслан Гацаев. Ол зауытта автоцехтың оператор-диспетчері болып жұмыс істейді.

«Мен Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Ақырап ауылында туып-өстім. Мектепте орысша білім алдым. Ұлтым  шешен. Дегенмен ана тілімнен гөрі қазақ тілін жетік білемін. Достарымның басым көпшілігі қазақ балалары болғандықтан маған қазақ тілін үйрену еш қиындық туғызбады. Неге екенін білмеймін, қазақтар жаныма өте жақын. Олармен тез тіл табысып кетемін. Өмірге деген көзқарасымыз да бір жерден шығып жатады. Отбасымда ағам Зелихан, апам Мариям үшеуміз қазақ тілінде еркін сөйлеп, өзара пікір алмасамыз. Гитарамен қосылып қазақша ән айтамыз. Қазақ әндерінің әуені мен әуезі жаныма жақын. Сондықтан репертуарымда қазақ әндері көп. Тіл  достықтың дәнекері, береке мен бірліктің алтын құралы болып табылады. Қазақ жерінде бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің жарқын болашағын мемлекеттік тілмен байланыстырады. Тілім басқа болса да тілегім, жүрегім бір. Менің Отаным – Қазақстан. Сондықтан да оның тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білу менің міндетім»,- дейді ол.+

Айта кетейік, 2016-2017 жылдарға арналған жоспар бойынша тіл үйрену курсында 7 топ құрылды. Зауыттың 80 жұмысшысы қазақ тілін меңгеріп жүр.

bnews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде