jasqazaq.kz

Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті

19 маусым 2025, 15:22

Бүгінгі заманда жас ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттаудың маңызы зор. Бұл бағытта Түркістан қаласында түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Сондай шараның бірі — Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Дәстүрін дәріптеген Әз-Түркістан» фестивалі. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында дәстүрлі өнерді насихаттауға арналған шараға белгілі әншілер, жыршы-термешілер мен күйшілердің өнер көрсетті.

Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» Заңының аясында және Түркістан облысының құрылғанына жеті жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – Түркістан қаласының тарихи, мәдени, рухани келбетін таныту, өңірден шыққан өнер иелері мен елге еңбегі сіңген тұлғалардың шығармашылығын насихаттау, халықтар достығы мен саяси тұрақтылықты дәріптеу, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамдарының бейнесін жырға қосып, жас ұрпақты ұлттық тәрбие мен рухани мұраға баулу.

Өнер мерекесінің салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихан төрағасы Ғаппар Амантайұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы айтып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Фестивальге Қазақстанның халық әртістері мен дәстүрлі өнердің дарабоз өкілдері қатысты. Олардың қатарында дәстүрлі ән өнерінің майталмандары Рамазан Стамғазы мен Айгүл Қосанова, жыршылық өнердің өкілдері Жәкен Омаров, Күнсұлу Түрікпен, Марат Сүгірбай, Аязбек Рустамов және Руслан Ахынбеков, сондай-ақ терме мен ән жанрын шебер меңгерген Оразәлі Жаңабай, Мұхамедәлі Бекпейісов, Әлімжан Серікбаев сынды өнерпаздар бар. Сонымен қатар күй өнерінің өкілдері — дәулескер күйшілер Шыңғыс Исаев пен Жандос Құлымбетов өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл рухани шара көрермендерге терең әсер қалдырып, ұлттық өнерге деген құрметті арттырды. Түркістан төрінде өткен өнер мерекесі — халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды әрі тағдырлы басқосу болды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан қаласының әкімдігі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі