jasqazaq.kz

Өртенген телефон бойжеткенді күйдірді

20 желтоқсан 2016, 21:08

Ұялы телефонының жарылуынан 28 жастағы Ақтөбе тұрғыны зардап шекті. Қуаттандырғышта тұрған ұялы телефон қыз ұйықтап жатқанда жарылды, деп хабарлайды «Диапазон» «Жедел-жәрдем» стансасына сілтеме жасап. Оқиға 17-нен 18 желтоқсанға қараған түні орын алды. Зардап шегуші денесінің 60 %-ын күйік шалған. «Сағат 2:56-да қоңырау түсіп, 3:02-де «Жедел жәрдем» бригадасы айтылған мекенжайға жетті. «Жедел жәрдемді» көршілер шақырған. Өрт болған жерден біздің қызметкерлер 1988 жылы туған қызды ЖМКА-ға жеткізді. Денесінің 60 %-ы күйген. Қолы, аяғы, бетін 2 және 3 дәрежедегі күйік шалды», — деді «Жедел жәрдем» стансасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Дастан Неталиева. Дерек бойынша, ұялы телефон (маркасы анықталмаған) қуаттандырғышта тығулы тұрған. Қыз ұйықтап жатқанда, телефон жанған. 103 дәрігерлері олардың тәжірибесінде бұрын-соңды мұндай жағдай орын алмағанын атап өтті.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде