jasqazaq.kz

Өрт салдарынан бір отбасы түгел қаза болды

13 мамыр 2017, 18:00

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің бос пәтерінен өрт шығып, бір отбасы көз жұмды. Тағы бір балалы әйел ауруханаға ауыр халде жеткізілді.

Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бейсенбі күні түнде бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Куәгерлердің айтуына қарағанда, лапылдаған жалын мен қою қара түтін жоғарғы қабаттарға көтеріле бастаған. Өрт сөндіру қызметтері бірнеше минуттан кейін келіп, жақын маңдағы подъездердегі көршілерін қауіпсіз жерге көшірген. Осылайша 16 адам аман қалды» — делінген мәлімдемеде.

Алайда үшінші қабатта тұратын ерлі-зайыптылар мен олардың бойжеткен қызы қаза болды. Олар оянбай, сол күйі тұншығып қалған секілді.

Үй тұрғындары болған оқиғаға наразы. Өйткені өртенген пәтердің тұрақты тұрғындары болмаған, ол баспана тәулікке жалға беріліп келген.

Адамдар полициядан кінәлілерді тауып, жазаға тартуды талап етіп отыр, өйткені өрт сөндіру кезінде пәтерден ешкім табылмаған.

«Екі зардап шегуші – 40 жастағы әйел мен оның 14 жастағы баласы – қазір ауруханада ауыр хәлде жатыр. Олар тұншықтырғыш газға уланып қалған. Әйел комада, бала есін жиды, өзі тыныс алып жатыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», — деп атап өтті Қарағанда облыс денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД және ІІД тергеушілері жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаның боламын қарастыруда.

 

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде