jasqazaq.kz

Роза Рымбаеваны алдап кеткен адам шетелде жүр

12 ақпан 2024, 16:32

Адвокаты онсыз сот отырысын өткізбеуді талап етіп отыр.

Бүгін бүкіл елге танымал әнші Роза Рымбаеваның алаяққа алданғаны туралы ақпарат шықты.
Baq.kz жазғандай, алаяқтық бойынша іс-әрекет 2013 жылы басталған. Сол жылы жұмыссыз қалған С. Бекқайыров деген біреу өзінің алыстағы танысы Д. Тұрлыхановты әлдебір инвестициялық жобаға қаражат салуға алдап сендірген. Инвестор оған 1 200 000 долларды сеніп тапсырған.

2017 жылы Бекқайыров таныстары арқылы әнші Роза Рымбаеваның пәтерін сататынын біліп, оны өзіне сатуға көндіреді. Әрі ақшаны кейінірек беруге келіседі. Сөйтіп ол Рымбаеваға 195 мың доллар берген. «Ал пәтердің қалған 69 427 350 теңгесі мүлдем қайтарылмаған», — делінген сот материалында.

Осы қылмыстық іс бойынша биылғы 9 қаңтарда алғашқы сот отырысы өткен.
Сотталушының адвокаты Қазақстаннан тыс жерде екенін айтып, онсыз сот отырысын өткізбеуді талап етіп отыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі