jasqazaq.kz

Роза Рымбаева мен үшін кешірім сұрады. Айгүл Иманбаева естелігімен бөлісті

04 ақпан 2025, 12:10

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева туралы оқиғасын «Таңшолпан» бағдарламасында еске алды. Ол халық әртісінің қарапайымдылығы мен адамгершілігі жайлы айтып, қызық жағдайды баяндады.

«Роза Қуанышқызы бір күні үйіне шай ішуге шақырды. Бұл 2008 жылдары болуы керек. Үйіне барып, шай іштік. Сосын Есентай жақтағы дүкенге барып келейік деді. Көлікке отырдық, Роза Қуанышқызы қасымда. Үйінен шыққан бетте кері бұрылыс жасаймын деп ойладым. Бірақ екі жолақты жол, бұрылуға мүлдем тыйым салынған. Қасымда Роза Қуанышқызы бар ғой, ұсталып жатсам, сол кісі жауап берер деп ойлап, бұрылып кете бардым.

Сөйтіп, артымыздан полиция қуып жетті. Тоқтадым. Өзімді әлемді тіреп тұрған адам сияқты сезініп, терезені ғана аштым. Бірақ бір қарасам, Роза Қуанышқызы жоқ! Ол кісі көліктен түсіп кетіпті. Қарасам, полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұр. «Кешіріңдерші, жас қой. Ережені сақтамады. Айгүл Иманбаева ғой рөлде отырған. Енді кешіріңдерші,» – деп мені ақтап тұр. Мен ол кісіге сеніп отырсам, ол кісі маған сеніп отыр екен.”

Айгүл Иманбаева бұл оқиғаны әзіл-шыны аралас айтып, Роза Рымбаеваның қарапайымдылығы мен кішіпейілдігіне тәнті болғанын жеткізді.

«Ол кісінің қарапайымдылығы сонша, әлемдік, ТМД деңгейінде аңызға айналып кеткенін сезбейді. Оның қасында мен бір-екі ән жазып, хит болғанымды үлкен жетістік көріп, өзімше кісі болып отырмын. Осындай қызықты оқиға басымнан өткен еді,» – деп естелігін аяқтады.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі