jasqazaq.kz

Роза Рымбаева: Димаш барлық атаққа лайық

20 шiлде 2023, 11:05

Әнші Роза Рымбаева отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде Димаш Құдайбергеннің «Қазақстанның халық әртісі» деген атаққа қаншалықты лайық екені туралы сөз етті.

«Мен жеті конкурстың лауреаты болғандықтан, Халық әртісі атағын алдым. Жыл сайын конкурстарға қатысып, өз өнерімнің жоғары деңгейде екенін дәлелдеу үшін Қазақстан кеңістігінде ғана емес, Кеңес Одағы кезінде де мен гастрольде жүретінмін. ТМД халқы менің өнерімді жоғары бағалайды. Ол да Қазақстан өнерінің, мәдениетінің деңгейін көрсету деген сөз», – дейді өнер иесі.

Роза Қуанышқызы «Қазақстанның халық әртісі» атағының жойылып, не себепті қайта жаңғыруына қатысты пікір білдірді.

«Не себепті жойылғанын білмеймін. Мүмкін, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін болса керек. Мен КСРО Халық әртісі болдым. Қазақстан егемендік алғаннан кейін «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» деген жаңа атақ пайда болды. Бірақ бұл атақ кейінгі жылдары 200-ге жуық әртіске берілді. Ал “Халық әртісі” деген атақ – жоғары деңгей. 200 әртіс “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” болсын, “Халық әртісі” – ең жоғарғы, мемлекеттік құрметті атақ. Сол себепті мен оның қайта жаңғырағанын қолдаймын. Мысалы, біздің сүйікті бауырымыз Димаш пен тойдың әншісі сол атақты алды. Бірақ екеуін салыстыруға бола ма? Жоқ, Димаш – дүниежүзілік деңгейдегі әртіс. Композитор, әнші Батырхан Шүкеновті жай ғана ел арасында жүрген әншімен салыстыруға бола ма? Жоқ. Сондықтан осындай жарық жұлдыздарымызға “Қазақстанның халық әртісі” атақ берілу керек деп санаймын”, – деді Роза Рымбаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі