jasqazaq.kz

Роза Әлқожа: Нұрғали Нүсіпжанов алаяққа алданып, пәтер жағалап жүр

15 шiлде 2024, 17:57

Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қалын біліп қайтты. Әншінің айтуынша, Халық әртісі алаяққа алданып, пәтер жағалап жүр екен.

Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері “ағаға барып қайтайық” деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық.
Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен.
Өзі 87 ге келіпті. Талғардың “Ақ ниет” деген саумал орталығында жиылғандар ән сұраған соң шама келгенше бірнеше ән орындадық.
Бақыт аға мен Айзада әпке немересін де ала келіпті. Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?!.
Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен…
Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой…
Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы — ұл болыпты. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де эконың бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті — бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты.
Қайтпек керек?!
Алла маңдайға берген болса бәрі де болар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Сурет: instagram.com/roza_alqozha/

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі