jasqazaq.kz

Роналдуның қыз зорлағаны рас па?

15 сәуiр 2017, 13:35

Футболшы Криштиану Роналду немістің Der Spiegel журналындағы айыптауларға жауап берді. Басылымда футболшы 2010 жылы қыз зорлады деп айыпталып, бірақ одан ақша беріп, құтылып кетті делінген мәлімет жарияланған. Роналдудың мәлімдемесі агенті Жорже Мендештің ресми сайтында жарияланды. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлады.

Спортшы бұл мәліметті «журналистік фантастиканың бір бөлігі» деп атады. Ол зорландым деген адамның аты-жөнін жасырын қалдырғанын және оқиғаны айғақтай алмайтынына назар аударды. Сондай-ақ, Роналду айыптау материалдарында аты аталатын адвокаттарды танымайтынын және жәбірленуші жолдады деген хатты алмағанын мәлімдеді. Осылай дей келе, футболшы Der Spiegel мақаласын жалған деп, «өз қарамағындағы барлық құралдармен осы БАҚ-қа қарсы шығуға» уәде берді, Айта кетейік, басылым оқиға Лас-Вегаста 2009 жылдың 12 маусымында болды деп мәлімет таратқан еді. Португал отбасымен АҚШ-та демалыста болған. Ойыншыны 20 жастағы америкалық қыз айыптаған. Журналдың мәліметінше, 2010 жылдың 12 қаңтарында форвардтың адвокаты айыптауларынан бас тартуы үшін жәбірленушіге 375 мың доллар төлеп берген делінеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде