jasqazaq.kz

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

17 ақпан 2017, 9:27

Мадридтік «Реалдың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы нәтижелі пастарының көрсеткіші бойынша рекорд жаңартты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ол түнде өткен «Наполиге» қарсы ойында өзінің 31-ші нәтижелі пасын берді. Криштану Роналду италиялық клубқа қарсы ойында гол соқпағанмен, соққы бағыттау бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Ал Тони Кроссқа берген пасы нәтижелі шықты. Қорытындысында 30 нәтижелі паспен рекорд иегері болып тұрған Райан Гиггзді басып озды. Нәтижелі пас бойынша үздік 5 футболшы: 1. Криштиану Роналду (31) 2. Райан Гиггз (30) 3. Лионель Месси (24) 4-5. Месут Озил (22) 4-5. Златан Ибрагимович (22) Айта кетейік, түнде өткен ойында «Реал» неапольдық клубты 3:1 есебімен ұтқан болатын. Қос команда арасындағы қарымта 7 наурыз күні түнде өтеді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде