jasqazaq.kz

Роман Скляр ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

18 мамыр 2016, 0:16

1463498267wgnpb_1000x768

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев министрлік ұжымына жаңа тағайындалған вице-министр Роман Склярды таныстырды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Ол әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде