jasqazaq.kz

Рой Джонс: Қанат әлем чемпионы болады

16 ақпан 2017, 12:37

Аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс қазақстандық Қанат Исламды ерекше боксшы деп атап, болашағы жарқын болады деген болжам айтты.

tengrinews.kz хабарлағандай, боксшылар алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында жолығып қалды. Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Ал бұл кештің басты жекпе-жегіне Рой Джонстың өзі шығады.

«Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады», — деді Джонс. Ал қазақстандық боксшы өз кезегінде атақты америкалықты Астанаға шақырды.

«Сізді бүгін осы жерден көргеніме қуаныштымын, нағыз чемпион Рой Джонсты. Мен WBA тұжырымы бойынша төртіншімін, WBO бойынша бесінші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін. Мен үлкен жекпе-жекке дайынмын, қарқынды дайындалып жүрмін. Мені отбасым, командам — менеджер, бапкер мен промоутерім қолдап отыр. Мен бақыттымын. Мен осы жекпе-жекке дайынмын. Ертең кешке жолығамыз», — деді Ислам баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады. Жекпе-жек «Қазақстан» және KazSport арналарынан көрестіледі. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді тағады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде