
Нәзіктің тағдырын, тек қырғыз қыздарының емес мыңдаған қыздардың басынан өтетін оқиғаны Бішкек суретшісі мультфильм түрінде көрсетті. Суретші Татьяна Зеленскаяның алғашқы туындысы Facebook желісіндегі «Клоп» парақшасында жарияланды деп хабарлайды informburo.kz.
Бішкекте тұрмыс құру үшін ұрланған Нәзіктің тағдыры шынайы болған оқиға. Мультфильмде Нәзіктің өмірі, оның 29 жасында жақсы жұмысқа орналасқысы келгені. Сондай-ақ ажырасып бала тәрбиелеп отырғанын жұрт сөгеді деп қысылуы бейнеленеді.
Нәзік өзінің ұрланған сәтін еске алады. Жақындарының қамын ойлаған ару жат отбасында қалады. Бірақ біраз уақыт өткеннен соң махаббат жоқ неке аяқталды. Ал Нәзікті баласымен үйінен қуып жібереді. Қазақстанда да қалыңдық ұрлау оқиғасы жиі кездеседі. Есік қаласында болған Әлия Ошақбаеваның оқиғасы мыңдаған қауымды бей-жай қалдырмады. Әлияны ұрлап қашқандар жол апатына ұшырап, қайтыс болған болатын. Ал Әлия ауыр жараланып, бірнеше рет ота жасатты.