Олимпиаданың соңғы күнінде жанкүйер күтпеген жайт орын алды. Еркін күрес бәсекесінде төрешінің шешімін құптамаған моңғолиялық бапкерлер кілемде шешініп тастады.
Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық балуан өзбекстандық Ихтиер Наврузовпен кездесіп, соңғы секундқа дейін 7:6 есебімен жеңіп тұрады. Белдесу аяқталып, моңғолиялық балуан мен оның бапкерлері жеңісті тойлай бастағанда төрешілер ұпайды 7:7-ге жеткізіп, теңестіріп қойған.
Еркін күрес ережесі бойынша, соңғы ұпайды алған балуанға жеңіс беріледі. Ал төрешілердің аяқ астынан неліктен мұндай шешім қабылдағанын түсінбеген моңғол бапкерлері қарсылық танытып, жанкүйерлердің көзінше кілемде шешініп тастады.
Әйтсе де, төрешілер жеңісті бәрібір өзбек балуанына берді.