
Рио-2016 Олимпиадасындағы ең қызық кейіпкерлердің бірі атанған «қарны бар» «спортшы», эфиопиялық жүзгіш Робел Кирос Хабте — өз елінде «президенттің» баласы болып шықты.
Сонымен, Робел Кирос Хабте Эфиопиядағы суда жүзу спорты федерациясы президентінің ұлы екен.
Естеріңізге салсақ, Олимпиадаға тұңғыш рет қатысқан эфиопиялық Робел Кирос Хабте еркін әдіспен жүзу сайысындағы алғашқы іріктеу жарысында мәреге бірінші жеткен Доминикан елінің өкілінен бақандай 15 секундқа қалып қойды. Қашықтықты жүзіп өткен қарсыластары да, жанкүйерлер мен ұйымдастырушылар да қорытынды нәтижелерді білу үшін осы жігіт мәреге жүзіп жеткенше біраз күтіп қалған.