
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 100 метрге жүгіруден сайысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бүгін әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіру сайысы басталды.
Іріктеу кезеңінде жерлесіміз 11, 50 секундпен 5-ші орынға ие болды. Осылайша, қазақстандық спортшы сайыс жолын ерте аяқтады.