
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының академиялық ескек есу жеке сайысында қазақстандық спортшы Владислав Яковлев 31-ші орынға ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бүгін академиялық ескек есу сайысының F финалында қазақстандық ескек есуші 7:21,61 нәтижемен соңғы орынның бірінен көрінді. Ол ливиялық спортшы Әлхуссейн Гамбурден 20 секундқа озып, 31-ші орынға тұрақтады. Осылайша, ол жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетейік, Астана уақытымен 18:00-де академиялық ескек есуден Светлана Германович жарыс жолына шықты.