
Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында байдаркада 500 метрге жұптасып есу сайысында Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева финалға шықты
Жартылай финалда жерлестеріміз 1:43,577 уақытпен мәре сызығын үшінші болып кесті. Осылайша, Подойникова мен Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есу сайысының финалына өтті.
Ескек есуші Хайдаров Рио Олимпиадасын соңғы орынмен аяқтады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1000 метрге каноэде жекелей есу сайысына қатысқан Тимур Хайдаров жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бұл сайыстың жартылай финалында Тимур Хайдаров 1000 метр қашықтықты 5:33,919 уақытта жүріп өтті. Осылайша жерлесіміз соңғы 8-ші орынға ие болды. Осы көрсеткішпен қазақстандық ескек есуші қола жүлде үшін де сайысқа қатыса алмайды.
Рио-2016: Голендов жартылай финалға шыға алмады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1000 метрге байдарка және каноэда жекелей есу сайысына қазақтандық Илья Голендов келесі кезеңге өте алмады.
Қазақстандық ескек есуші 1000 метр қашықтықты 3:37,953 уақытпен жүріп өтіп, жартылай финалға берілетін жолдаманы ала алған жоқ.