
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының академиялық ескек есу жеке сайысында қазақстандық спортшы Светлана Германович өз тобында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Осы сайыстың Е финалында Светлана 8:38,25 уақытпен өз тобында екінші болып келді. Ол жарыс жолында қытайлық тайбэйлік ескек есуші Хуан Итиннен 4 секундқа кешікті.
Естеріңізге сала кетейік, ерлер арасында өткен академиялық ескек есу сайысының F финалында қазақстандық Владислав Яковлев 7:21,61 уақытпен 31-орынға тұрақтаған болатын.