Дариға қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған болатын.
Еске сала кетсек, 20 тамызда Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келі салмақта жартылай финалда Дариға Шәкімова америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды.
Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А.Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Одан кейін ширек финалда қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген.
Жетістіктері: Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысты.