jasqazaq.kz

Рио -2016: Атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

16 тамыз 2016, 10:30

 

 

rio_2016

 

 

Рио Олимпиадасының он бірінші күнінде қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі, – деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап Bnews.kz.    Жарыс күнін ерлер арасында 10 шақырымға жүзу марафонына қатысатын Виталий Худяков бастайды.

 

 

Астана уақытымен сағат 18:23-те Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің финалында өнер көрсетеді.

Сағат 18:47-де байдаркада 200 метрге жекелей есу финалында Инна Клинова ел намысын қорғайды.

Сағат 20:19-да жеңіл атлет Анастасия Пилипенко кедергілермен 100 метрге жүгіреді.

Боксшы Жайна Шекербекова (51 кг дейін) сағат 2:15-те ширек финалда әлемнің экс-чемпионы франциялық Сара Урамунмен жұдырықтасады.

Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін) Астана уақытымен 3:30-да финалға шығу үшін британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді.

Олимпиаданың он бірінші күні қазақстандық спортшылар үшін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) нигериялық Эфе Аягбаға қарсы ширек финалдық кездесуімен аяқталады.

 

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде