
Еркін күрестен 86 келі салмақта Рио Олимпиадасына қатысқан палуанымыз Аслан Кахидзе турнирдің келесі айналымына өте алмады.
Еркін күрестен 2016 жылғы Азияның қола жүлдегері Аслан Кахидзе Рио Олимпиадасында белорус Омаргаджи Магомедовпен белдесіп — 7:11 есебімен ұтылды.
Атап өтерлігі егер Магомедов финалға өтетін болса қазақстандық спортшы А.Кахидзе Олимпиаданың жұбаныш финалында қолаға үміт ете алады.