jasqazaq.kz

Ринат Шамшырақтың келіншегі: Жас қыз алғандай барлық салтты ұстандық (Видео)

18 қантар 2024, 16:24

Отандық жас әнші Ринат Шамшырақтың келіншегі Аружан «Жұлдызды Weekend» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, қалың көпшілікке өзі жайлы айтып берді. Өнер иесінің жары бұған дейін тұрмыста болғанын және күйеуінен алты жас үлкен екенін растады.

Бүгінде ол жас жұбайлармен бірге тұрады. Аружанның сөзінше, жолдасы мен баласының қарым-қатынасы өте жақсы.
«Ринат бірден ашығын айтты. Ол үйдің жалғыз баласы болған соң, «үлкен той жасаймыз» деді. Мен тойды аса қаламаған болатынмын. Бірақ айтқанын істетті. «Кәдімгідей той, беташар болады. Тұрмыста болмаған қыз сияқты алып келемін үйге» деді. Кәдімгі жас қыз алғандай барлық салтты ұстандық. Мен өзім Жамбыл облысы, Меркі ауылының қызымын. Балам алты жаста. 1993 жылы дүниеге келгенмін, жасым 30-да. Үш жыл тұрмыста болдым. Үш жылдан соң келісе алмай, ажырасып кеттік. Одан кейін бір жылдан кейін өмірімде Ринат жолықты. Біз үш жылдай кездесіп жүрдік. Қазір Аллаға шүкір бақыттымын. Ұлым өз әкесінің тегінде, әкесімен және апасымен араласып тұрады. Жіберіп тұрамыз. Ринат оған жақсы қарайды. Маған көп адам арақатынасты тоқтат деп айтатын. «Жұмысың бар, жас жігітті не істейсің?» деп барлығы айтты. Сондай сөздер естіген кезде Ринатқа ренжитінмін. «Сен мені алмайсың ба не?» деп сұрақтың астына алатынмын. Сол кезде көп ұрысып қалатынбыз», — деп ағынан жарылды Аружан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі