jasqazaq.kz

Риддерде қазандық сөніп, үйлер жылусыз қалды (Видео)

18 сәуiр 2023, 23:42

Риддердегі жылу орталығынан тағы ақау шықты. Бұл жолы жоғарғы қысымдағы бесінші қазандық сөніп қалған. Соның салдарынан шағын шаһардағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жаппай жылусыз отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ирина Пяткова, Риддер қаласының тұрғыны:

— Қар жауды. Қазір температура күндіз минус 7-8 градус. Ал түнде минус 11-15. Үйімізде қатты суық. Батареялар баспана тұрмақ, аяқ- қолымызды жылытуға да қауқарсыз.

Қазандық сөніп қалғандықтан, жылу қуаты 30 градусқа дейін төмендеп кеткен. Тұрғындардың айтуынша, батареялар суып, баспана іші азынап тұр. Оның үстіне шаһарда ауыз су да уақытша тоқтатылды. Сондықтан мектеп оқушылары жаппай қашықтықтан оқуға көшірілген. Ал жергілікті билік барлық қазандықтың шұғыл іске қосылғанын жеткізді. Қазір жылу біртіндеп беріле бастады дейді шенеуніктер. Күзден бері Риддердегі жылу орталығында 60-тан астам апат болған. Енді облыс басшысы әбден тозығы жеткен нысанды коммуналдық меншікке өткізудің қамын қарастыруда.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

— Қала қатыпсеніп жатқанда біз қарап отыра алмаймыз. Егер жылу орталығының қожайыны тиісті шаралар қабылдамаса біз батыл әрекеттерге көшеміз. Қазір осы кәсіпорыннан 2,7 млрд теңге өндіру туралы сотқа арыз бердік. Бұл жұмыс жалғаса береді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі