
Түркия президенті Ыстамбұл әуежайының алдына жиналған жақтастарының алдында мәлімдеме жасады. Ердуан төңкеріліс мәселесінің бейбіт түрде шешілетінін атап өтті. Ол Бас штабтан «сатқындарды» шығарып, әскерде «тазалық» жұмыстарын жүргізетінін айтты. Оның айтуынша, төңкеріліс әрекеті толықтай басылады, ал офицерлер, оның ішінде армияның басшылығын қамау шаралары жүріп жатыр.
Reuters мәліметінше, Ердуан өз сөзінде уағызшы Гүленді бүлікті шығарды деп айыптады, айтуынша, ол Пенсильваниядан бұйрық берген.
Түрік президенті Мармаристегі қонақүйден шығып кеткеннен кейін ол жаққа қарулы шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Ердуан түрік халқымен бірге болатынын және ешқайда кетпейтінін мәлімдеді.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.