jasqazaq.kz

Ретсіз саудамен айналысқан азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылады

30 маусым 2023, 17:58

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн», деген болатын. Бүгінде халықты тұрақты жұмыспен қамту маңызды саясаттың біріне айналып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен өткен жиында қаладағы ретсіз сауда жасап отырған азаматтар жұмыспен қамту мәселесі көтерілді.

Жиынның негізгі мақсаты – қала көркін бұзып отырған ретсіз сауда орындарын жойып, осындай саудамен айналысып жүрген азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамту.

Шымкентте қала көркі мен тәртібіне нұқсан келтіріп тұрған заңсыз сауда қатарларын ретке келтіру мақсатында әр ауданда жұмысшы топ құрамы бекітілген. Мұндағы комиссия шешіміне сәйкес, рейдтік іс шаралар жүргізіліп, заңсыз нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Мәселен, қала бойынша 1 500-ге жуық заңсыз сауда орындары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 1125 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 200-ден аса кәсіпкерге айыппұл салынып, 5 миллионға жуық айып суммасы өндірілген.

Нақтырақ айтсақ, заңсыз әрі ретсіз сауда қатары қаланың базарларында («Қырғы базар», «Жабық базар», «Авто Нұр», «Жібек жолы») жиі кездеседі. Сондықтан базар айналасындағы ретсіз сауда жасаған тұлғаларға аудан аумағында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде сауда жасауға ұсыныс берілуде. Сонымен қатар ескерту берілген азаматтарға алдағы уақытта базар ішінен сауда орындарын тауып жайғастыру бойынша жұмыстар жүргізілген.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос вакансиялардың арқасында тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындар да бар. Ретсіз сауданы ретке келтіру мақсатында әлі де жұмыстар атқарыла бермек. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтау және абаттандыру үшін ең алдымен көшелердегі бей-берекет орналасқан сауда нүктелерін болдырмауды қол алып, тиісті шара көруді, барынша қаланың даму жолында жауапкершілік танытуды тапсырды.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее