jasqazaq.kz

Ресейлік туристер: Қазақстандықтар қайырымды екен (видео)

05 қазан 2016, 15:35

https://www.youtube.com/watch?v=bwF7S-mwnrY

Ресей Федерациясынан келген екі турист жігіт қазақстандықтардың қаншалықты қайырымды екенін тексеріп көрді. Ол үшін Астананы бірнеше күн аралап, тегін шаш алып беруді және ақысыз тамақтандаруды сұрады. Сөйтіп, қазақтардың қайырымдылығына таңғалды. Бір қызығы, елордадағы шіркеу оларға көмектесуден бас тартты.

«Қазақстандағы орыстарға деген қатынас. Путин, не істеп жатқанын қара» деген тақырыппен жарияланған видеода екі ресейлік жігіт Астанаға жасаған сапарларын бейнекамераға түсіріп жүр. Бірінші күні олар түнейтін жерді табай алмай, жылы аялдамада қонуға мәжбүр болды. Дегенмен, сол жерде кездескен қазақтың жастары оларға SIM-карталарын беріп, бір көмектерін жасады. Ертесінде ресейлік туристер шіркеуге барып көрген. Алайда ғибадат орнының әкімшілігі көмек беруден бас тартты.

Осыдан кейін олар өздерінше, бір тәжірибе өткізіп, қазақстандықтардың қайырымдылығын тексеріп көрді. Тексерді де, таңғалды. Шаштараз екеуінің де шашын тегін алып берді. Ал сауда орталықтарында жұмыс істейтін қазақтың қыздары ақысыз тамақ берді, тіпті өз ақшаларына сатып алды.

 

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде