jasqazaq.kz

Ресейлік спортшыны туған анасы тақырға отырғызды

14 наурыз 2017, 12:32

Ресейлік спортшы Анастасия Гришина туған анасының тонағанын айтып, мұңын шақты.

Олимпиадада күміс жүлде алған Анастасия Гришина жарыстарға барын салып дайындалып жүргенінде анасы, әкесі мен ағалары оның қаражатын қолды қылғанын айтуда.

«Мен бұл үшін қатты намыстанамын. Өкпем қара қазандай. Туған анам маған осындай қиянат жасайды деп ойламадым. Ол менің бар ақшам мен үйімді тартып алды. Спортта еңбек теріммен тапқан мүлкім еді. Тіпті жүлдегер ретінде сыйға тартылған көлігімді де қолды қылды. Менде ештеңе қалдмады. Кішкентай баламмен көшеде қалдым», — деп мұңын шақты ол.

Бар уақытын жаттығуларға жұмсап жүрген бойжеткен тапқан-таянғанын анасына сеніп табыстап отырған. Ол ақша жиналғасын өзіне бөлек пәтер сатып аламын деп жоспарлайды. Алайда анасы бар ақшаға бірнеше пәтерді тек өз атына алып отырған.

Жеті жасынан тырбыңдап спортта ақша тауып жүрген Анастасия 19 жасында бар ақшасы өзіне емес, оның мойнына отырып алған жақындарына кетіп жатқанын ұғады. Үш туған ағасының бірі ғана жұмыс істейді. Ал қалған екеуі ішкілікке салынып, Анастасияның ақшасына алынған пәтерге кіріп алған.

Көп ұзамай оқуға түскен Настя өмірлік серігін жолықтырып, той жасамақ болады. Сол кезде анасы иемденіп алған банк карточкасын өзіне беруді сұрағанда, анасы жанжал шығарған.

«Карточкамды әзер берді. Алайда ол жерде тек 100 000 рубльды ғана қалтырыпты. Біз соған және күйеуімнің ақшасына той жасадық. Күйеуімнің үйі болмады. Амалсыз анамызбен бірге тұра бастағанында, олар бізді сыйдыра қоймады. Қаншама жарыстарда жеңген миллиондаған ақшам мен көліктің ақшасына анам өз атына бірнеше пәтер алды да, бізді далаға қуып шықты. Сонда карточкама ай сайын неше жалақы түсіріп тұрғанын банктен сұрап білгенде, есеңгіреп қалдым. Маған неше жылдар бойы әр айда 100 мың рубль жалақы төлеп тұрған. Сол ақшадан анам маған тек көк тиынын берген екен», — дейді бойжеткен.

Анастасия карточкасындағы соңғы 2 миллионды анасы өз қалтасына басқанын, нәрестелі болып, спорттан шығып қалған сәтінде оны үйінен қуып жібергенін кешіре алар емес. nur.kz хабарлағандай, ол ендігі бар мүлкін сот арқылы қайтарып алмақ.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді