jasqazaq.kz

Ресейлік шоумен өзбекті қалай ренжітті?

14 желтоқсан 2016, 23:46

Ресейлік шоумен Сергей Светлаков Екатеринбор қаласында ашылған «Eshak» атты мейрамханасының атауына түсініктеме берді. Өткен аптада осы қалада тұратын өзбек диаспорасы өз наразылықтарын білдіріп, құзіретті мемлекеттік органдарға шағым түсірген болатын.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «біздің жарнамамызда есектің суреті тұрып, «Ишак»деген жазу болса, оған тек есектің өзі ғана ренжи алады! Мейрамхананың барлық жарнамалық материалдарын жасағанда, біз Шығыстың даналығы мен қонақжайлылығы сияқты құндылықтарына құрметпен қарадық. Мен үшін есек — балалық шағымдағы ертегілердің бір кейіпкері. «Шуриктің қызықты оқиғаларында» есек бар. Қожанасырда есекпен жүрді. Әлі есімде, ол соңғы шелпегін кішкентай досымен бірге бөлісіп жейтін», — дейді С.Светлаков. Оның айтуынша, шығыс тағамдарына арналған мейрамхананы ашу бастамасын көптеген диаспоралар қолдады. Осыған байланысты ол паркте жиналған өзбектерді мәселені дауыс зорайтқыш арқылы емес, жеке-дара шешуге шақырды. «Қалай болса да, біздің мейрамханамызда ол адамдарды бай дастархан мен жақсы сөзбен қарсы алады», — деп атап көрсетті әртіс. Айта кетейік, «Eshak» атты мейрамхана Екатеринбор қаласында ғана емес, Мәскеу мен Киевте де ашылған болатын.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде