jasqazaq.kz

Ресейлік физиктің «құлдықта болды» дегені өтірік екен

18 наурыз 2017, 20:01

Алматыда табылған физик Юрий Образцов ешқандай да құлдықта болмаған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мəлімдеді.

«Тексеру бойынша анықталған жай, Образцов Юрий Джанович 2014 жылы Алматыға Новосибирскіден пойызбен сәуір айында келген. Дәрігер-мамандармен сөйлескенде ол өзінің Новосибирск облысындағы психодиспансерде есепте тұрғанын айтқан. Мамандар сұрағына жауап бергенде Алматыға келген соң одан әрі Ташкентке кету туралы жоспарын да жеткізген. Ол бір ауылдан екінші ауылға бірде жаяу, бірде түрлі көлікке мініп жүре берген. Ешкім оны күштеп ұстамаған. Үш жыл бойы қайда болғаны, қайда тұрғаны туралы сұраққа жауап бере алмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның денесінен ешқандай жарақат анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

Еске сала кетейік, осыған дейін 2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған делінген Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттардың жіберілгені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша тергеу басқармасының Тергеу комитетіндегілер тергеу бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан Республикасының 54 жастағы тұрғынының еңбек құлдығына тартылғаны жайлы мәліметтерді тексеруге кіріскенін айтқан болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде