jasqazaq.kz

Ресейдің «Байқоңыр» айлағынан кететін жоспары жоқ

13 шiлде 2016, 10:51

photo_27467

Ресей екінші кезектегі Восточный ғарыш айлағы ашылса да, Қазақстандағы «Байқоңыр» айлағын пайдаланудан бас тартпайтын болды. Бұл туралы «Интерфакс» басылымына берген сұхбатында Роскосмос басшысы Игорь Комаров мәлімдеді.

«Сенімді түрде айта аламын, «Байқоңырдан» кетуге және барлық ұшырылымдарды «Восточный» айлағына ауыстыруға жоспарымыз жоқ. «Байқоңырда» ұшыруға арналған барлық инфрақұрылым жасалған, алдын ала ұшуға дайындық орталығы» да бар. Жақсы нәтиже көрсетіп отыр, ресурсы әлі таусылған жоқ, сондықтан бұл ұшу қондырғыларын Байқоңырдан ауыстыру қате», — деді мемкорпорацияның басшысы.

Оның айтуынша, «Байқоңырмен» әріптестік жалғасын табады. «Біз ғарыш саласында Қазақстандағы әріптестерімізбен кооперацияны кеңейтіп, ғарыш айлағының техникалық мүмкіндігін жоғарылатқымыз келеді», — деді ол.

Ал Роскосмос осыған қарамастан, жаңа перспективалық жобаларды «Восточный» айлағында жүзеге асыруды ойлап отыр екен.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде