jasqazaq.kz

Ресейде жүріп Қазақстанда «тыныштықты бұзған»

24 сәуiр 2023, 16:26

Ақмола облысының Қосшы қалалық полицияның учаскелік инспекторы бір жылға бас бостандығынан айырылды. Ақмола облыстық прокуратурасының хабарлауынша, Қосшы қаласында полиция қызметкері тарапынан толтырылған әкімшілік хаттамаларда бұрмалау деректері анықталған. «Учаскелік полиция инспекторы 2021 жылдың мамыр және тамыз айларында полицияда профилактикалық есепте тұрған Қосшы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 437-бабы «тыныштықты бұзу» және 408-бабы «иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу» бойынша екі хаттама толтырады. Бұл ретте ол құқық бұзушының қолы мен түсіндірмесін бұрмалаған. Сонымен қатар, ол азамат 2021 жылдың мамыр айында Ресейге барған, яғни хаттама жасау кезінде, тіпті Қазақстан Республикасының аумағында болмаған. Осылайша, учаскелік инспектор өзінің ведомстволық көрсеткіштерін жасанды түрде арттырды. Қосшы қалалық сотының үкімімен полиция қызметкері бір жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған қоса, рақымшылық актісі бойынша негізгі жазадан босатылып, бес жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылды», — деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі