jasqazaq.kz

Ресейде тұратын Димаштың сыңары әншімен кездескісі келеді (видео)

15 сәуiр 2017, 18:33

Ресейде тұратын Димаштың сыңары әншімен кездескісі келеді. Оның аты-жөні Джулиан Маккей.

Ол Америкадағы Монтана штатының тумасы. Бүгінде ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Михайлов театрының сахнасында өнер көрсетіп жүр. Репертуарында онға жуық қойылым бар. Халықаралық балет конкурстарының лауреаты әрі әлеуметтік желідегі ең тартымды жігіттердің бірі. Сымбаты келіскен театр солисінің түр-әлпетін көпшілік өзіміздің Димаш Құдайбергеновтен аумай қалған деп жүр. Тіпті 19 жастағы жігіттің дене бітімінен, шаш үлгісі мен өзін-өзі ұстауынан жанкүйерлер ұқсастық тапқан. Бұл жайтты Джулиан Маккейдің өзі де мойындап тұр.

«Ия, менің ойымша сыртқы түр-сипатымызда ұқсастық бар сияқты. Бірақ Димашты өзіме толық ұқсайды деп айта алмаймын. Себебі біз түрлі салада қызмет атқарамыз. Сонымен қатар шығармашылық адамдарда өзіндік ұқсастық болатыны рас», — дейді ол.

Опера мен балет егіз ұғым екенін ескерген Джулиан Димашпен кездессем «Өнердегі классикалық дәстүрді қалай сақтап қалуға болады?» деген тақырып төңірегінде әңгіме қозғар едім -дейді. Ал әзірше оларды мыңдаған километрлер ажыратып тұр. Әр қайсысының бөлек арманы, діттеген мақсаты мен жеке тыңдарманы мен көрермені бар.

«Мен Димашпен аз таныспын. Тек фанаттарым арқылы ғана сырттай білемін. Олар маған Димаштың ән байқауында өнер көрсетіп тұрған бейне таспаларын жиі жібереді. Көргенім көңілімнен шықты, өте тамаша деп бағалар едім» — деген ойымен бөлісті Джулиан.

Baq.kz хабарлағандай, Instagram әлеуметтік желісіне дайындықтарын жиі жариялайтын театр солисінің 50 мыңға жуық жазылушысы бар. Жеке шығармашылығынан бөлек ол өзін сәндік өнерде де сынап, журналдарға шығып жүр. Расымен де Джулиан Димаштың еуропалық сыңары екендігіне сол суреттердің арқасында көз жеткізуге болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде