jasqazaq.kz

Ресейде Қазақстан азаматы жеті айлық сәбидің басын еденге ұрған

22 наурыз 2017, 13:19

Түменде Қазақстан азаматы көңілдесінің жеті айлық сәбиін жұбатамын деп, нәрестенің басын еденге ұрып, денсаулығына зиян келтірген. Бұл туралы «Вслух.ру» сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Түмен облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, мас қазақстандық Исаков көңілдесінің үйінде қатты жылаған нәрестені жұбатамын деп, баланы аяғынан ұстап, еденге басын ұрған.

Бас-сүйек жарақаты, миының оң жақ бөлігі зақымдалған нәресте бірден ауруханаға жеткізілген. Тексеріс барысында сәбидің бірнеше дене жарақатын алып, оң жақ иығының шығып кеткені анықталған.

Сот-медициналық сараптамасының қортындысы бойынша, сәбидің денсаулығына орташа деңгейде зиян келтірілген.

Ал ер адам болса, өз кінәсін мойындамай отыр.

Барлық қылмысын есепке алған сот Исаковты жалпы режимдегі түрмеге жауып, бас бостандығынан алты жыл, бір айға айырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде