
Өткен жылғы қараша айында Ресей ұшағын құлатқан түрік ұшқыштар тұтқынға алынды. Түркиядағы интернет басылымдарының AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып жариялаған ақпаратта Сирия шекарасында Ресей Қарулы Күштеріне тиесілі СУ-24 ұшағын атып түсірген ұшқыштардың қамауға алынғаны хабарланды.
Хабарда бір ұшқыштң Түркияда болған әскери төңкеріс әрекетіне қатысы бар екені айтылды. Мұндай пікірді бұған дейін Анкара қаласының мэрі Мелих Гөкшек те ортаға тастаған болатын.
Ұшақ құлатылған соң екі елдің арасындағы жағдай күрт ушықты. Тек өткен айда Түркия президенті Р. Ердуан Ресей басшысы В. Путинге хат жолдаған соң қарым-қатынас жақсара бастады.